Ғабит Мүсірепов “Ашынған ана” шығармасын талдау

Кез-келген адамның əдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен ақ сүтін беріп, əлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ананың нəзік үні, аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді əр уақытта жұбатады. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық жоқ шығар бұл жалғанда. Ана болу- бүкіл өміріне кететін үлы рухани күш пен ерен еңбек.

Ғабит Мүсіреповтың “Ашынған ана” әңгімесіндегі баласы үшін жанын беруге дайын ананың ісі дұрыс па, бұрыс па?
Сол бір сұрапыл жылдарда, заманның тар кезінде жалғыз ана айдаладағы жалғыз үйге қонақтайды.Үй иесі кіргізкісі келмегенімен, байғұс ананың жалынышты түрін аяған болу керек тез жібіп төрге шығарды. Тоңып қалғаны қызарған бетінен көрініп тұр. Баласын іздеп, сағыныштан сарғайған мұңлы көздер ананың қартайған шағындағы орны толмас мұң болмақ. Баласын жасы он беске толар-толмас шағында бай-шонжарлар сиыр бағуға алып кетті. Сол екі жыл уақыт ішінде байқұс балаға көрсетпеген қорлығы жоқ, тіпті ақысын бермей жұмысқа салды. Ақысын ала алмаған баланы ұрып-соғып, істемегендері қалмады.
“Аузы қисық болсада, бай баласы сөйлесін” деген заманда бұл жай ғана қалыпты жағдай еді. Бай балалары бөрінің бөлтірігіндей басынды баланы. Бала мұндай қорлыққа шыдамай əрең дегенде үйіне қашып құтылады. Сөйтіп мал баққан баланы солдаттар алып кетпек болады. Жалғыз баланы емес, бүкіл ауыл баласын. Балаларын жібергісі келмеген аналардың көзінен жас түспейтін. Күндер жылжып, айға таяған уақытта ауыл үн-түнсіз қалды, тіпті бұрын жылап, көзінің жасын көл қалған бірде-бір адам көрінбейді. Əрине, ағайын-туғаннан жəрдем сұрап босаттыртып алғанда. Ал жалғыз басты ананы кім тыңдасын, баласы үшін бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Кімге барсада қуып шығады. Амалы қалмаған ана обалын пышаққа арттырып, болыстың мойнына пышық салады.Оны көрген болыстың көмекшісі Қарасақалға ұмтылған еді…
Есін жинаса екі аяғы мен қолын екі қазыққа керіпті де, таңып тастапты. Ана баласы үшін ажалдан да қорықпады, қандай қауіп болсада тайсалмай қарсы тұрды. Міне, осы тұста Ғабит Мүсірепов ана үшін баласының өмірі бəрінен де биік екенін айқын көрсетті.
Қай заманға көз жүгіртсекте ана бейнесі еш уақытта сөнбейді. Тіпті жылдар зулап, ғасырға жетседе “Ана” атауы, осы бір жүрекке жылылық сыйлар сөз естен шықпасы сөзсіз. Ана бейнесі қай уақытта болмасын биік. Тіпті қараңғыны жарық ететін, жамандық иесін, жақсылыққа түзететін аналар емес пе?!
ШҚО облысы, Зайсан ауданы
Көкжыра ауылы
Мужықсу негізгі орталау мектебі
Айсұлу Жиеншеева
9- сынып
«QazBrand.info порталының» Telegram-каналына жазыламыз!
Бөлісу

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here