«Тар замандағы» өз ойым!

Орыстың отарлау саясатына қарсы күресіп, патшалық Ресейге қарсы бабалардың аңсаған арманына қол жетүзу үшін, яғни білектің күшімен, найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен емес, мүлдем жаңаша леп, жаңаша көзқарас, жаңаша түсінік әкелді. Тек білектің күшімен жету оңайға соқпайтының түсінді. Қылыштың өткір жүзімен, найзаның ұшымен күрескен ерлердің қыршыннан қиылғанын білді. Көздерімен де көріп, құлақтарымен де естігенін көңіл таразысына салып, сара жолды сала білді.

Ұлт-азаттық қозғалыс аяқталып, «Ақпан» революциясының бізге оң нәтижесін берді. Отарлау саясатын тоқтатып, Ресей патшасының күлін көкке ұшырып, келмеске кеткен монархиялық биліктің дәурені аяқталды. Осы тұста зиялы қауым өкілдері бас қосып, съездер өткізіп, ұйымдар мен партиялар жер-жерлерге құрыла бастады.

Автономиялық билікті мақсат тұтып, көздеген мақсаттарына жету үшін еш аянбады. Сол орайда тарих беттерінде де, әдебиет майданында да жеткен жетістігіміз аз болмады. Алғашқы газет-журналдар ашыла бастады. Романдар, шығармалар, мақалалар, өлеңдер шығарылып, кітаптар жарық көріліп, аударма ісі де кеңінен өрістеді.

«Қалам – қарудан өткір» деген қағиданы берік ұстанып, қоғамдағы мәселелерді айшықтап, мақала ретінде жариялап, қарапайым халықты сауаттандыру жұмысын қолға алып, замана ағысына бейімдеуді қалады.

Тар жол тайғақ кешу заманда, өмір мен өлім арасындығы кескілескен уақытта оларды бір мүдде, бір мақсат қана біріктірді. Ол – автономиялық мемлекет және халқының егеменділігі. Автономия бар жерде, халқының егеменділігі бар. Егеменділік бар жерде, тілдің еркінділігі, азаттық, қоғамдық-саяси еркінділігі бар. Ал бұлар бар жерде – халқының асыл арманы бар. Халықтың асыл арманы үшін  өз жандарын қиюға да әзір еді.

Осындай жанкештілігімен халықтың жүрегінде сақталады. Қилы замандағы қилы тағдырға төтеп беруге тырысқанмен, сұмпайы саясаттан да, ажалдын құрығынан да арыла алмады. Олармен қатар аңсаған арманы да орындалмағанмен, жасаған дүға-тілектері ескерусіз қалдырмады. Олар көре алмаған бейбітшілік заман, біздің таңымызда атуда.

«Тар заман». Осы біраз уақыт бұрын «Қазақстан» ТРК көптен күткен қуаныш сыйлады. Алаш зиялыларының қилы тағдырын түгелдей баяндамаса да, өшпес ерлігін көрермен назарына аударды. Тар замандағы оқиғаларын шынайы көрсетіп, көрермен қауымды жүрегін елжіретті.

Әлихан, Ахмет, Мәржақыптардың автономиялық мемлекет үшін күреске толы болса, Смағұл, Мағжан, Мұхтарлың арасына қыл өтпестей берік достығын көрерменді тәнті еткені сөзсіз. Әсіресе, ХХ ғасырдың лирик ақыны болған Мағжан Жұмабаевтың лирикалық өлеңдернің үзіндісінде ұмыт қалдырмаған. Тұңғыш құрбан болған Қазы Нұрмұхамедұлының өшпес ерлігі халықтың жадында сақталатынына күмәнім жоқ. Аттары аталмаған арыстардың ерлігінде біздердің жадымызда мәңгі сақталады.

Олардың жүріп өткен жолдары «Сырат» көпіріндей ауыр еді. Бір қадамын шалт басса, құлап кететіндей, одан қайта тұра алмайтындай әсер береді. Жүріп өткен жолдары қиын болса да қателеспеді. Қателеспеуге тиіс еді. Егер қателессе, артында қалған ұрпағы кегірмес еді. Неде болса да, тар жол тайғақ кешкен тар замандаоларға бұ дүниеге берілген сынағы.

Сынаққа сабыр етсе, Алланың сүйікті пендесі боласың. Алланың сүйікті пендесі болу үшін сынаққа сабыр етеді. Осы арқылы әзиз пайғамбар болған Мүхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) берік сүннеттен айырылмағанның көрінісі. Бәлкім, атеистті ту тіккен кеңесттердің ислами құндылығын жоямын деп, қалай ерік бергеннің білмей де қалған шығар.

Сол тар заман олар үшін ауыр болса, біздер үшін өнеге. Тар замандағы көңіл түйген ойым осы!

Ерасыл Советбекұлы,

ШҚО, Семей қаласы,

№32 ЖОББ мектебінің

11 сынып оқушысы.

«QazBrand.info порталының» Telegram-каналына жазыламыз!
Бөлісу

1 Пікір

  1. Оте мазмунды, терен ой калдыратын макала екен! Казактын басынан не отпеди, жокшылыкты да, таршылыкты да, кысымды да корди! Дей турганмен егемен елмиз, елимиздин кемел болашагы сендей жас урпактын колында! Жарайсын! Катты унады макаланыз! Енбегиниз орге таси берсин!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here