Оралхан Бөкей «Атау кере» романы

Қазак халқы – салт санасы мен ұлттық кұндылығы бойына сақталған ұлы халық. Ұлы халықтың – ұлттық өнері мәдениеттің биік шыңында тұрғаны рас. Соның ішінде сөз өнерінің дамуына талай отты жастар үлес қосты. Солардың бірі – Оралхан Бөкей. Ол – қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы. Сол себебті де мен бұл жолы осы қарымды қаламгердің туындысымен танысуды жөн көрдім және таныстым да. Осы жолы Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романын оқыдым. Өйткені күрделі тақырыпқа кұрылған ауқымды шығарманың «Атау кере» деген атауы да менің санамды бір сілкіп алғаны рас. Сонда атау кере деген не ? Оның бұл туындыдағы маңызы неде?

«Атау кере» – азғын замандағы ашынған халықтың көз жасын, жүрек мұңын суреттейтін суық ұғым. Осы атауға карап- ақ бұл туындының күрделі екенін ұғынуға болатын тәрізді. Шығарманың негізгі айтар ойы: қатпар – қатпар қалтарыстағы қараңғы қазақ жағдайы. Бұл туындының маған қалдырған әсері ерекше болды. Менің ойымша нағыз тәрбиелік мәні бар туынды осындай болса керек. Шығармадағы әрбір кейіпкер кез – келген оқырманға өзіндік кимылдарымен үлгі боларлықтай жандар. Мәселен, романдағы Таған – орақ тілді, от ауызды аспирант. Ал Ерік болса нарық заманындағы «бәрін сатуға, сатып алуға болады » деген көрсоқырлықтың қолдаушысы. Мен, жақсыдан үйрен, жаманнан жирен деген ұстанымды ұстанамын. Яки, осы шығармамен таныса отыра,  Айнадан үлгі алып, Еріктен сабақ алдым.

Айна – әлемдегі сұлулық пен әсемдіктің символы тәріздес, жүрегі

ізгілікке толы шығарма кейіпкері. Бұл туынды туралы айта берсем бір жолға жетерлік әңгіме болар еді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталсам, «Атау кере» – нарық заманында жазылған ауқымды туынды. Оны бүгінгі қырлы заманның қилы қазынасы десе де болады. Себебі ол мынау бүлінген заманды құтқаратын бірден – бір құрал. Ол кез – келген адам баласына жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл туынды маған мейірім мен махаббатты ғана емес, бұл дүниенің жарық нұрын сыйлағандай болды. Сол себепті мен бұл шығарманы кез – келген қазақ баласына ұсынудан бас тартпас едім.

ШҚО облысы, Зайсан ауданы
Дайыр ауылы
Мүкарама атындағы орта мектебі
Ермекқызы Жаннұр
9- сынып

«QazBrand.info порталының» Telegram-каналына жазыламыз!
Бөлісу

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here