Баубек Бұлқышев ” Өмір сүргім келеді”

Баубек Бұлқышевтың “Өмір сүргім келеді” шығармасы – қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алмасада, шығарманы оқыған оқырманның жүрегіне жетері анық. Менің бұл шығарманы алған себебім- Баубек Бұлқышев сүйікті жазушым болғандықтан емес, автор жүрегіндегі жасырын патриоттық сезім менің жүрегімді жаулап алғандығында. Бұл шығарма оқыған әрбір адамға ұнап,патриот болуға үйретері сөзсіз.
Майдан даласындағы аз ғана тыныштықта алыс ауыл ойға оралады.Өмірге құштарлық, өнерге сүйіспеншілік сезімі бойды билейді. Жанна қызбен, сүйген сұлумен сырласады.Өмір мұраты, еңбек өнегесі, еркіндік тынысы өзіндік өзгешеліктермен қиялды қанаттандырып, көңілге түрлі ой салады. Өмірдің маңызы күшейіп, уақыт таңбасы бедерлі де бейнелі белгі-ерекшеліктерімен есте қалады. Бейбіт өмірдің маңызы кеңінен көрінеді, өмірге құштарлық терең танылады “Менің өмір сүргім келеді,-деп жазды автор.Менің қалам, университетім, менің сүйікті- Жаннам. Мен сендерге соғыс өртін қақ жарып өтіп келе жатырмын. Әрі аптығамын, әрі алқынамын. Мен сендерге жеткім келеді. Бірақ дәл жолымда көлденең тосып, автомат ұстаған неміс тұр. Ол мені өлтіргісі келеді. Ол менің жолымды бөгемек болады. Мен абайламай қалсам, ол мені өлтіреді. Онда ол менің барлық туған туысқандарымды да өлтіреді. Қаламды қиратып, университетімді талқандайды. Менің туысқандарым өз тағдырларын маған тапсырды. Ол тағдырға мен жауаптымын. Сол жауапты бере аламын да”. Бұл жайттар сөз жоқ, адамзаттағы басты байлық- бостандық пен тыныштықтың бағасы мен өлшемін аңғартады. Азаттық пен бостандық барда: адам өмірі мәнді, еңбегі өнімді, тұрмысы сәнді болатыны сәт сайын сезіледі. Ел бірлігі, қоғамдық келісім, достық сырлары ашылады. Осындай алып туындыны дүниеге алып келген Баубек Бұлқышев жеңісті, бостандықты аңсайды, ата-ана үмітін ақтағысы келеді.

Өмір деген не? Жаңа туған адам дүниенің есігін қағып, бірінші баспалдаққа шығады. Оның алдында бұраңы көп ұзақ жол- өмір жолы. Адам бір жоғары көтеріліп, біресе төмен түседі, тағы да жоғары көтеріледі. Осы бұраң жолмен ол тез қозғалып, асыға ұмтылып, алға басады. Ол осы жолының бір жерге жетіп таусыларын да біледі. Бірақ одан да қорықпайды. Оған қымбат- сол бұраңы көп ұзақ жол. Мәңгілік өмір- бір көшке бір көш жалғасып, ұрпақ ауысып, ел жаңарып отыратын сол ұзақ жолда.

ШҚО облысы, Зайсан ауданы
Көкжыра ауылы
Мужықсу негізгі орталау мектебі
Айсұлу Жиеншеева
9- сынып

«QazBrand.info порталының» Telegram-каналына жазыламыз!
Бөлісу

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here