Бетті қалай ағартуға болды? 

✅ Ол үшін алманың суын қысып шығарып, оған лимон мен бал, 1 ас қасық ұн қосып, қою етіп араластырып, бетте 30 минут ұстаса, бет біршама ағарады. Сүзбе жағу да дұрыс. Күрішті қайнатып, күріштің суын ішсе де бет ағарады. Ешқашан жылтырамайтын, тотыққан терілерге бетті тазалап жуғаннан кейін күріштің суына бал қосып маска жасап, оны дәкемен 30 минут тартса, бетке дымқылдық пен ажар сыйлайды.

✅ Қазір қыз-келіншектер салонға барып, бетіндегі, мұрнының үстіндегі түкті алдыртып тастап жатады. Осы дұрыс па?

✅ Түкті алдырмаған жөн. Өйткені, түк беттің қорғаныс қабілетін сақтайтын перде рөлін атқарады. Түгін алып тастаған тері суыққа да, ыстыққа да, әртүрлі сыртқы факторларға төзімсіз келеді.

✅ Көп адамның мұрнының үстіне, мұрын айналасына қара нүктелер шығады. Ол неліктен?

✅ Ол терінің май құрамы көп болғаннан болады. Тері таза жуылмаса да, тері порлары кеңейіп кетсе де, мұрын айналасына қара нүкте шығады.

✅ Көктем кезінде бетіне ақтаңдақ шығатындар болады. Ақтаңдақтың емі бар ма?

✅ Көктемде табиғаттың түлейтіні сияқты адамның терісі де түлейді. Ақтаңдаққа мен жаңа айтқан маска бал, жұмыртқаның сарысы, банан үшеуін араластырып жақса пайдалы.

✅ Қазір бойжеткендердің көбі бетін ай сайын салонға барып тазартып жатады. Ал енді біреулер бетімді тазалатсам, химиялық заттармен бүлдіріп, зиян келтіріп аламын ба деп қорқады. Салонға барып бетті тазалатқан қаншалықты орынды?

✅ Бетті тазаласа бет терісі бүлінеді дегенге дәрігер-косметолог ретінде келіспеймін. Салонға келіп бетін өмірі тазалатып көрмеген қыз бен бетін үнемі тазалатып тұратын бойжеткеннің бетінде едәуір айырмашылық болады. Бүгінде медицина да, косметология да дамыды. Химиялық заттармен бетімді күйдіреді дейтін қорқыныш жоқ. Қазір салондардың бәрі бетті шөптерден жасалған косметика арқылы тазалайды. Ол беттің қан айналымын жақсартады. Екіншіден, микроскоппен ғана көруге болатын тері тініндегі қажетсіз заттарды алады. Одан бет жалтырап, сергек күйге енеді. Кейде қыздардың қорқатынындай-ақ бар. Кейбір салондарда беттегі дақ пен безеуді пилингпен күйдіріп, адамның бір қабат терісін сылып түсіреді. Бұл – зиян. Бір қабат теріні ерітіндімен күйдіру – ол сонау 1992 жылғы әдіс. Күйдіргеннен кейін адамның беті таза, әдемі болып жүреді. Ал бір айдан кейін дақ пен безеу қайта шығып, тіпті көбейіп кетеді. Өйткені, адамның терісі үш қабат қалыңдықта. Бір қабатын сылып тастаған тері өзінің қорғаныс қабілетінен айырылады. Әрі безеу мен дақты алдырып тастаймын деу бос әурешілік. Ол үшін ішкі органдарды емдеп, дұрыс тамақтануды жолға қоя білу керек.

«QazBrand.info порталының» Telegram-каналына жазыламыз!
Бөлісу

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here